Бокстан ӘЧ күміс жүлдегері Ибрагимова финалдағы жеңілісіне қатысты пікір білдірді

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Үндістан астанасы Нью-Дели қаласында өтіп жатқан бокстан әйелдер арасында әлем чемпионатында күміс жүлдегер атанған қазақстандық Карина Ибрагимова финалдағы жекпе-жегі жөнінде пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстандық боксшы 57 келіде финалда италиялық Ирма Тестаға есе жіберді.

«Жекпе-жекке дайындық пен тактика барлығы өз деңгейінде болатын. Қолдан келгенше әрекет етуге тырыстым. Әрбір жекпе-жекке байланысты нақты қорытынды жасауға болады. Жеңіліс немесе жеңіс екені сарапқа салынады. Бастысы, бапкерлер үйреткен әдіс-тәсілдерді жүзеге асыра алдым. Әлем чемпионатында барлығы жеңіс тұғырынан көрінгісі келеді. Финалда бар күшін салады. Финалдағы жекпе-жекте жеңіс қарсыласыма бұйырды. Бұл біздің соңғы кездесуіміз емес деп санаймын. Олимпиада ойындары жақындап келеді. Алда үлкен мақсат бар. Сол бағытта жұмыс жасаймыз», - деді Карина Ибрагимова.

Енді ел құрамасынан Ләззат Күнгейбаева (81 келіден жоғары) ертең, 26 наурызда финалда марокколық Марди Хадиджамен қолғап түйістіреді.

Ал ел құрамасынан Алуа Балқыбекова (48 келі), Надежда Рябец (66 келі), Валентина Хальзова (75 келі) және Фариза Шолтайға (81 келі) қола жүлде бұйырды.


Соңғы жаңалықтар