Бокстан АЧ: қазақстандықтардың финалдық жекпе-жектерінің кестесі жарияланды

Фото:
АСТАНА. ҚазАқпарат – Иордания астанасы Амман қаласында бокстан өтіп жатқан Азия чемпионатында қазақстандықтардың финалдық жекпе-жектерінің кестесі жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгін Амманда әйелдер алтын жүлделерді сарапқа салады.

Астана уақытымен сағат 16.00-де басталатын финалда 48 келіге дейінгі салмақта рингке алғашқы болып Алуа Балқыбекова шығуы керек еді. Алайда оның қарсыласы, жапониялық Като Хикару жартылай финалда жарақат алғандықтан, Алуа күні бұрын Азия чемпионы атанды.

11 қараша.

Әйелдер:

54 кг. Жайна Шекербекова — Джутамас Джитпонг (Таиланд) — 4-жұп.

57 кг. Карина Ибрагимова — Ирие Сена (Жапония) — 5-жұп.

81 кг. Гүлсая Ержан — Савити (Үндістан) — 11-жұп.

12 қараша (жекпе-жектер елорда уақытымен 16.00-де басталады).

Ерлер:

48 кг. Санжар Тәшкенбай (Қазақстан) — Аратаке Кадзума (Жапония) – 1-жұп.

51 кг. Сәкен Бибосынов (Қазақстан) — Хасанбой Дусматов (Өзбекстан) – 2-жұп.

54 кг. Махмуд Сабырхан (Қазақстан) — Карло Паалам (Филиппины) – 3-жұп.

57 кг. Серік Теміржанов (Қазақстан) — Абдумалик Халоков (Өзбекстан) – 4-жұп.

67 кг. Дулат Бекбауов (Қазақстан) — Бунджонг Синсири (Таиланд) – 7-жұп.

71 кг. Асланбек Шымбергенов (Қазақстан) — Зеяд Ишайш (Иордания) – 8-жұп.

75 кг. Нұрқанат Райыс (Қазақстан) — Саиджамшид Джафаров (Өзбекстан) – 9-жұп.

92 кг. Айбек Оралбай (Қазақстан) — Мадияр Сайдрахимов (Өзбекстан) – 12-жұп.

+92 кг. Қамшыбек Қоңқабаев (Қазақстан) — Лазизбек Муллажонов (Өзбекстан) – 13-жұп.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Азия чемпионатында Айбек Оралбайдың Қазақстаннан тоғызыншы болып финалға шыққанын жазған едік.

Сондай-ақ ерлерден финалға шыққан тоғыыз қазақстандықтың бесеуі өзбекстандықтармен кездеседі.


Соңғы жаңалықтар