Бокстан ӘЧ: Қазақстан медальдар кестесінде нешінші орын алды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Үндістанның Нью-Дели қаласында бокстан әйелдер арасында өткен әлем чемпионатында Қазақстан құрамасының медальдар кестесінде нешінші орын алғаны анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстандық қыздар біріншілікте 2 күміс, 4 қола жүлдеге ие болып, медальдар кестесінде 8-сатыдан көрінді.

Төрт алтыны бар Үндістан көш бастаса, Қытай (3 алтын, 1 күміс, 3 қола) екінші, Ресей (1 алтын, 1 күміс, 1 қола) үшінші орында. 2023 жылғы әлем чемпионатының медальдар кестесі:

1. Үндістан — 4-0-0

2. Қытай — 3-1-3

3. Ресей — 1-1-1

4. Италия — 1-1-0

5. Марокко — 1-0-1

5. Тайвань — 1-0-1

5. Бразилия — 1-0-1

8. Қазақстан — 0-2-4

9. Колумбия — 0-2-2

10. Аустралия — 0-2-1

11. Монғолия — 0-1-1

11. Таиланд — 0-1-1

13. Вьетнам — 0-1-0

14. Франция — 0-0-3

15. Беларусь — 0-0-1

15. Оңтүстік Корея — 0-0-1

15. Әзербайжан — 0-0-1.

Сонымен қатар қазақстандық боксшылардың қанша табыс тапқаны белгілі болды.

Күміс алған Карина Ибрагимова (57 кг) мен Ләззат Күнгейбаеваға (+81 кг) 50 мың доллардан тисе, қола жүлдегерлер Алуа Балқыбекова (48 кг), Надежда Рябец (66 кг), Валентина Хальзова (75 кг) және Фариза Шолтайға (81 кг) 25 мыңнан бұйырды. Бәрін қосқанда, қазақстандықтар Халықаралық бокс қауымдастығынан (IBA) 200 мың АҚШ долларын алады.

Әлем чемпионатына Қазақстаннан барлығы 12 спортшы барса, Назым Қызайбай (50 кг), Жазира Орақбаева (52 кг), Жайна Шекербекова (54 кг), Римма Волосенко (60 кг), Аида Әбікеева (63 кг) және Мәдина Нұршаева (70 кг) жүлдесіз қалды.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Карина Ибрагимованың бокстан әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанғанын жазған болатынбыз.

Сондай-ақ Ләззат Күнгейбаеваның алтын үшін рингке шығатыны хабарланды.

Боксшы Ләззат Күнгейбаева әлем чемпионатының күміс жүлдегері болды.


Соңғы жаңалықтар