Бокстан ӘЧ: Қазақстан қоржынына екінші қола жүлде түсті

Автор:  
Ғайсағали Сейтақ

Бокстан ӘЧ: Қазақстан қоржынына екінші қола жүлде түсті Фото: instagram.com/boxingkazakhstan

АСТАНА. ҚазАқпарат – Үндістанның Нью-Дели қаласында бокстан әйелдер арасында өтіп жатқан әлем чемпионатында Надежда Рябец қола жүлдеге ие болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұдан бұрын жасөспірімдер арасында дүниежүзілік додада топ жарған Надежда Рябец 66 келіге дейінгі салмақта 2019 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері, қытайлық Ян Люмен қолғап түйістірді.

Бірінші раундта төрешілер қазақстандық боксшыға басымдық бергенімен, екінші кезеңде керісінше болды. Қорытынды есеп – 4:1, қытайлықтың пайдасында.

Осылайша, Н.Рябец чемпионатты қола жүлдемен аяқтады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын әлем чемпионатында бүгін қазақстандық 6 боксшының финал жолдамасын сарапқа салатынын жазған болатынбыз.

Сондай-ақ әлем чемпионатында Алуа Балқыбекова қола жүлдегер атанды.

Карина Ибрагимова екі дүркін әлем чемпионын ұтып, финалға шықты.





Серіктестер жаңалықтары