Бокстан ӘЧ: Қарсыласын нокаутпен жеңген Фариза Шолтай ¼ финалға шықты

None
Фото: sports.kz
АСТАНА. ҚазАқпарат – Үндістанның Нью-Дели қаласында бокстан әйелдер арасында өтіп жатқан әлем чемпионатында Фариза Шолтай ширек финалға шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстандық боксшы 1/8 финалда Тринидад және Тобаго өкілі Лиэнн Будрэммен шеберлік байқасты.

Фариза бірінші раундта-ақ қарсыласын екі рет нокдаунға жіберіп, айқын басымдылықпен жеңді.

2021 жылғы Азия чемпионы Фариза Шолтай ширек финалда кениялық Элизабет Андиегомен жұдырықтасады. Бұл олардың алғашқы жекпе-жегі болмақ.

Осылайша, кешеден бері рингке шыққан үш қазақстандық боксшы да жеңіске жетті.

Әлем чемпионаты ертең жалғасады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын бокстан әлем чемпионатында Жазира Орақбаеваның алғашқы қарсыласынан нокаутпен жеңгенін жазған болатынбыз.

Сондай-ақ Римма Волосенко өзбекстандық спортшыны жеңді.


Соңғы жаңалықтар