Бокстан АЧ: Карина Ибрагимова финалда олимпиада чемпионын ұтып, жеңімпаз атанды

Фото:
АСТАНА. ҚазАқпарат – Иордания астанасы Амман қаласында бокстан өтіп жатқан Азия чемпионатында Карина Ибрагимова жеңімпаз атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Әлем чемпионатының қола жүлдегері Карина Ибрагимова 57 келіге дейінгі салмақта Токио олимпиадасының жеңімпазы, жапониялық Ирие Сенамен жұдырықтасты.

Карина жартылай финалда әлем чемпионы, филиппиндік Нести Петесионы жарыс жолынан шығарып тастап еді. Осы Н.Петесионы олимпиада финалында И.Сена ұтқан болатын.

Карина финалда қолы мен бойының ұзындығын пайдаланып, дәл соққы жасауға тырысты. Ол солай болды да. Екінші раундта жапониялық боксшы ескерту алып, ұпайы шегерілді. Дегенмен үшінші кезең соңында Карина нокдаун алды. Есеп – 3:1, К.Ибрагимова чемпион атанды.

Осылайша, Қазақстан қоржынына үшінші алтын түсті.

Бүгін сондай-ақ Гүлсая Ержан 81 келіге дейінгі салмақта үндістандық Савитимен қолғап түйістіреді.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Азия чемпионатында Айбек Оралбайдың Қазақстаннан тоғызыншы болып финалға шыққанын жазған едік.

Сондай-ақ ерлерден финалға шыққан тоғыыз қазақстандықтың бесеуі өзбекстандықтармен кездеседі.

Бокстан Азия чемпионатында қазақстандықтардың финалдық жекпе-жектерінің кестесі жарияланды.

Жайна Шекербекова ел қоржынына екінші алтынды салды.


Фото: sports.kz


Соңғы жаңалықтар