Бокстан ӘЧ: Карина Ибрагимова 1/8 финалға жолдама алды

None
Фото: instagram.com/boxingkazakhstan
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық боксшы Карина Ибрагимова Үндістан астанасы Нью-Дели қаласында өтіп жатқан әйелдер арасындағы әлем чемпионатында 1/8 финалға жолдама алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстандық спортшы 57 келі салмақта 1/16 финалда колумбиялық Валерия Арболеда Мендосамен қолғап түйістірді.

Нәтижесінде екінші раундта қарсыласын нокаутқа жіберіп, жеңіске жетті.

Карина Ибрагимова 2018 және 2022 жылдарда әлем чемпионатында қола жүлдегер болды. Өткен жылы Азия чемпионатында жеңіс тұғырына көтерілді.

Әлем чемпионатында 2014 және 2016 жылдарда алтын алған Назым Қызайбай (50 келі) 1/16 финалда күтпеген жерден вьетнамдық Тхи Там Нгуенге төрешілер шешімімен есе жіберді.

Еске салсақ, бұған дейін Жазира Орақбаева (52 келі) Фариза Шолтай (81 келі), Алуа Балқыбекова (48 келі), Жайна Шекербекова (54 келі), Надежда Рябец (66 келі), Римма Волосенко (60 келі) жарысты жалғастыруға мүмкіндік алды.


Соңғы жаңалықтар