Бокстан АЧ: ерлерден финалға шыққан тоғыз қазақстандықтың бесеуі өзбекстандықтармен кездеседі

Фото:
АСТАНА. ҚазАқпарат – Иордания астанасы Амман қаласында бокстан өтіп жатқан Азия чемпионатының финалында ерлер арасында қазақстандықтардың қарсыластары анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Тоғыз қазақстандық боксшының бесеуі соңғы бәсекеде өзбекстандықтармен алтын жүлде үшін таласады.

48 кг. Санжар Тәшкенбай (Қазақстан) — Аратаке Кадзума (Жапония).

51 кг. Сәкен Бибосынов (Қазақстан) — Хасанбой Дусматов (Өзбекстан).

54 кг. Махмуд Сабырхан (Қазақстан) — Карло Паалам (Филиппины).

57 кг. Серік Теміржанов (Қазақстан) — Абдумалик Халоков (Өзбекстан).

67 кг. Дулат Бекбауов (Қазақстан) — Бунджонг Синсири (Таиланд).

71 кг. Асланбек Шымбергенов (Қазақстан) — Зеяд Ишайш (Иордания).

75 кг. Нұрқанат Райыс (Қазақстан) — Саиджамшид Джафаров (Өзбекстан).

92 кг. Айбек Оралбай (Қазақстан) — Мадияр Сайдрахимов (Өзбекстан).

+92 кг. Қамшыбек Қоңқабаев (Қазақстан) — Лазизбек Муллажонов (Өзбекстан).

Қай елдің медаль жөнінен көш бастайтыны негізінен Қазақстан мен Өзбекстан боксшыларының өзара сайысының нәтижесіне байланысты болмақ. Өйткені финалға Қазақстаннан тоғыз, Өзбекстаннан жеті боксшы шықты. Шаршы алаң иелері – Иорданиядан 4, Таиландтан – 2, Үндістан, Жапония, Филиппин мен Моңғолиядан бір-бірден спортшы өз елдерінің намысын қорғайды.

Әйелдер арасында финалдық жекпе-жектер 11 қарашада, ерлерден келесі күні өтеді.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Азия чемпионатында қазақстандық боксшы қыздардың қарсыластары кім екендігін жазған болатынбыз.

Боксшы Санжар Тәшкенбай Азия чемпионатының финалына шықты.

Тағы бір қазақстандық әлем чемпионын ұтып, финалға шықты.

Азия чемпионатында 3 боксшы финалға шықты.

Алуа Балқыбекова бокстан Азия чемпионы атанды.

Бокстан Азия чемпионатында тағы екі қазақстандық боксшы финалға өтті.

Қамшыбек Қоңқабаев соңғы айқасқа жолдама алды.

Сәкен Бибосынов әлем чемпионын ұтып, финалға жолдама алды.

Асланбек Шымбергенов қарсыласын нокдаунға жіберіп, финалға шықты.

Нұрбек Оралбай қола жүлдені қанағат тұтты.

Айбек Оралбай Қазақстаннан тоғызыншы болып финалға шықты.


Соңғы жаңалықтар