Бокстан ӘЧ: бүгін бес қазақстандық спортшы бақ сынайды

None
Фото: instagram.com/boxingkazakhstan
АСТАНА. ҚазАқпарат - Үндістанның Нью-Дели қаласында бокстан әйелдер арасында өтіп жатқан әлем чемпионатында бүгін бес қазақстандық спортшы бақ сынайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Астана уақытымен сағат 14.30-да басталатын күндізгі сессияда үш қазақстандық боксшы өнер көрсетеді.

Алуа Балқыбекова 48 келіге дейінгі салмақта ресейлік Юлия Чумгалаковамен шеберлік байқасады.

Карина Ибрагимова (57 кг) әзербайжандық Махсати Хамзаевамен, Аида Әбікеева (63 кг) қытайлық Ченьгю Янмен сынға түседі.

Сағат 18.30-да басталатын кешкі сессияда Римма Волосенко (60 кг) сербиялық Наталья Садринамен, Надежда Рябец доминикандық Мария Моронта Эрнандеспен рингке шығады.

Әлем біріншілігі «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Мәдина Нұршаеваның ширек финалға өткенін жазған болатынбыз.

Сондай-ақ Жайна Шекербекова мен Валентина Хальзова 1/4 финалға жолдама алды.


Соңғы жаңалықтар