Бокстан ӘЧ: Бекзат Нұрдәулетов жартылай финалға өтті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Ресейдің Екатеринбург қаласында өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатында қазақстандық Бекзат Нұрдәулетов жартылай финалға жолдама алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бекзат Нұрдәулетов 81 келі салмақтағы жарысты алғашқы кезеңнен бастады. Онда алдымен Оңтүстік Кореядан келген Инги Хонды тізе бүктірді. Одан кейін 1/16 финалда колумбиялық Калек Норбайды тізе бүктірсе, оған 1/8 финалда бразилиялық Кено Мачадо қарсы тұра алған жоқ.

Бекзат бүгін түркиялық Байрам Малканмен қолғап түйістірді. Жекпе-жек барысында тартысты бәсеке өрбіді.

Бұған дейін қазақстандық боксшылар қатарынан Сәкен Бибосынов (52 келі), Тұрсынбай Құлахмет (75 келі) және Василий Левит (91 келі) пен Абылайхан Жүсіпов жартылай финалға жолдама алған еді.

Ал Қайрат Ерәлиев алған жарақатына байланысты өзбек жігіті Миразизбек Мирзахалиловке жол берді.


Соңғы жаңалықтар