Бокстан АЧ: Айбек Оралбай ел қоржынына үшінші «алтынды» салды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Иордания астанасы Амман қаласында бокстан өтіп жатқан Азия чемпионатында Айбек Оралбай алтын алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Құрлықтық додада 92 келіде сынға түскен Айбек Оралбай финалда өзбекстандық Мадияр Саидрахимовтың осал тұсын тапты. Осылайша, ел құрамасының қоржынына үшінші «алтынды» салды.

Айта кетсек, бұдан бұрын ел құрамасынан Санжар Тәшкенбай (48 келі) мен Асланбек Шымбергенов Азия чемпионы болды.

Ал, Сәкен Бибосынов (51 келі), Махмуд Сабырхан (54 келі), Серік Теміржанов (57 келі), Дулат Бекбауов (67 келі), Нұрқанат Райыс (75 келі) күміс медальді қанағат тұтты.

Енді шаршы алаңға Қамшыбек Қоңқабаев (92 келіден жоғары) шығады. Қарсыласы – өзбекстандық Лазизбек Муллажонов.


Фото: sports.kz

Соңғы жаңалықтар