Бокстан ӘЧ: Алуа Балқыбекова ширек финалға шықты

None
Фото: instagram.com/boxingkazakhstan
АСТАНА. ҚазАқпарат – Үндістанның Нью-Дели қаласында бокстан әйелдер арасында өтіп жатқан әлем чемпионатының кезекті күні басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгін қазақстандықтардан алғашқы болып өткен жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері Алуа Балқыбекова рингке шықты.

Алуа 48 келіге дейінгі салмақта ресейлік, Еуропа чемпионы Юлия Чумгалаковамен шеберлік таластырды. Алғашқы екі раундта төрешілер қазақстандық боксшы басым деп тапты. Қорытынды есеп те өзгерген жоқ – 4:1, А.Балқыбекованың пайдасында.

Осылайша, екінші жекпе-жегін де сәтті өткізген Алуа Балқыбекова ширек финалға шықты.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Мәдина Нұршаеваның ширек финалға өткенін жазған болатынбыз.

Сондай-ақ Жайна Шекербекова мен Валентина Хальзова ¼ финалға жолдама алды.

Бокстан әлем чемпионатында бүгін бес қазақстандық спортшының бақ сынайтыны хабарланды.


Соңғы жаңалықтар