Бокстан ӘЧ: Алуа Балқыбекова қарсыласын айқын басымдылықпен ұтты

None
Фото: instagram.com/boxingkazakhstan
АСТАНА. ҚазАқпарат – Үндістанның Нью-Дели қаласында бокстан өтіп жатқан әлем чемпионатында қазақстандық Алуа Балқыбекова алғашқы кездесуін сәтті өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Әлем чемпионатының күміс жүлдегері А. Балқыбекова 48 келіге дейінгі салмақта 1/16 финалда сингапурлық Кей Ван Чи Ваймен шеберлік байқасты.

Алуа қарсыласын айқын басымдылықпен ұтты. Төрешілер есебі – 5:0.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Жазира Орақбаеваның алғашқы қарсыласын нокаутпен жеңгенін жазған болатынбыз.

Сондай-ақ, Римма Волосенко өзбекстандық спортшыны жеңді.

Қарсыласын нокаутпен ұтқан Фариза Шолтай 1/4 финалға шықты.

Бокстан әлем чемпионатында бүгін үш қазақстандықтың рингке шығатыны хабарланды.


Соңғы жаңалықтар