+7 (701) 759 90 19
USD 389.94 EUR 433.50
RUB 6.10 CNY 55.13
Jańalyqtar

Бокстан ӘЧ: 6 қазақстандықтың жартылай финалдағы қарсыластары анықталды

2019 жылғы 19 қыркүйек 09:50
Бөлісіңіз:
Бокстан ӘЧ: 6 қазақстандықтың жартылай финалдағы қарсыластары анықталды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ресейдің Екатеринбург қаласында бокстан өтіп жатқан әлем чемпионатында жартылай финалға шыққан боксшыларымыздың қарсыластары белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Батыр Жүкембаев IBF рейтингінің ТОП-15 қатарына ілінді Бокстан әлем чемпионаты: 2 қазақстандық қыз жартылай финалға шықты Туристсіздер ме - оқу-жаттығуға Нидерланд еліне барған бокс бапкерлері сынға қалды

Кеше бокстан әлем бірінішілігінде ширек финалдық жекпе-жектер өтіп, Қазақстан құрамасынан алты боксшы жартылай финалға жолдама алды. Бұл дегеніміз қоржынымызда 6 медаль бар деген сөз. Енді оның нешеуі күміс, нешеуі алтын болатынын алдағы уақыт көрсетеді.

Бүгін сол алты алты боксшымыз жартылай финалда жұдырықтасады.

Атап айтар болсақ, 52 келі салмақта ел намысын қорғап жатқан Сәкен Бибосынов үндістандық Амит Пангхал мен шаршы алаңда кездессе, 69 келі салмақта Абылайхан Жүсіпов шаршы алаң қожайыны Андрей Замковоймен қолғап түйістіреді.

75 келі салмақта жартылай финалға сүрінбей жеткен Тұрсынбай Құлахмет Филиппин боксшысы Эумир Марсиальмен жұдырықтасады. Ал 81 келі салмақтағы боксшымыз Бекзат Нұрдәулетов жартылай финалда кубалық Хулио Ла Крус күтіп тұр. Рио Олимпиадасында ел қоржынына күміс жүлде сыйлаған 91 келі салмақтағы Василий Левит жартылай финалда Эквадор боксшысы Хулио Кастильомен жекпе-жекке шығады.

Аса ауыр салмақтағы (+91 келі) Қамшыбек Қоңқабаев болса австралиялық Джустис Хунимен финалдық бәсекені сынға салады.

Екатеринбург қаласында өтіп жатқан әлем біріншілігіне Қазақстан құрамасынан 8 боксшы аттанған болатын. Өкінішке қарай, олардың арасынан 63 келі салмақта ел намысын қорғап жатқан Зәкір Сафиуллин 1/8 айналымда 2017 жылғы әлем чемпионы және Панамерика ойындарының екі дүркін жеңімпазы, кубалық Энди Круз Гоместен ұтылып қалса, кеше ғана ширек финалдық жекпе жекте осыдан екі жыл бұрынғы әлем чемпионатында жеңіс тұғырының ең биік сатысынан көрінген 57 келідегі Қайрат Ералиев өзбек боксшысынан ұтылып қалды.

Айта кетсек, бүгін боксшылар үшін демалыс күні. Жартылай финалдық кездесулер 20 қыркүйек басталады. Күндізгі сессия Нұр-Сұлтан уақытымен 17.00-де басталса кешкі сессия – 20.00-де. Ал 21 қыркүйек күні финалдық бәсекелер 17.00-20.30 аралығында өтеді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Спорт, Бокс,
Бөлісіңіз:

Автор:

Күнсұлтан Отарбай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT