+7 (701) 759 90 19
USD 425.78 EUR 494.08
RUB 5.98 CNY 66.23
Jańalyqtar

Бокстан ӘЧ-2021: жүлдегер  қазақстандықтарды рекордтық ақшалай сыйақы күтіп тұр

2021 жылғы 17 қыркүйек 15:52
Бөлісіңіз:
Бокстан ӘЧ-2021: жүлдегер  қазақстандықтарды рекордтық ақшалай сыйақы күтіп тұр

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 24 қазан мен 6 қараша аралығында Белградта әуесқойлар арасында бокстан әлем чемпионаты өтеді. Онда қазақстандық боксшылар да өнер көрсетеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz-ке сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Теннистен Индиан-Уэллс турнирінің финалы: Рыбакина жұптық сында жеңіліп қалды Футболдан Қазақстан чемпионаты: «Қайрат» сырт алаңда «Ақтөбені» жеңді 2021-2022 маусымындағы футзалдан ҚР чемпионатының күнтізбесі жарияланды

Бұл планетарлық біріншіліктің алдыңғы біріншіліктен басты айырмашылығы – жүлдегерлерге айтарлықтай ақшалай сыйақы берілуінде. Өз тарихында алғаш рет AIBA (Халықаралық бокс федерациясы) бірінші орын үшін боксшыға 100 мың доллар көлемінде сыйақы береді, - деп хабарлайды Aiba.com.

Күміс жүлдегер 50 мың АҚШ долларын, ал қола жүлдегерлер 25 мың АҚШ долларынан алады. Әлем чемпионатының жалпы жүлде қоры 2 600 000 АҚШ долларын құрады.

«Бұл біздің боксшылар үшін үлкен артықшылық болатынын білеміз. Олар рингте табысқа жетіп қана қоймай, өзін-өзі қамтамасыз етуі керек», — деді AIBA президенті Умар Кремлев.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аяулым Алтынбек

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT