Бокстан 2023 жылғы Әлем чемпионаты Ташкентте өтеді

None
None
ТАШКЕНТ. ӨзА-ҚазАқпарат - Бокстан ересектер арасында 2023 жылғы Әлем чемпионаты Өзбекстан астанасы Ташкент қаласында өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ӨзА агенттігіне сілтеме жасап.

Өзбекстан Ұлттық Олимпиада комитетінде AIBA президенті Умар Кремлевтің қатысуымен өткен баспасөз мәслихатында Умар Кремлев бокстан 2023 жылғы ерлер арасындағы Әлем чемпионаты Ташкентте өтетінін ресми түрде мәлімдеді.

Әр екі жыл сайын ұйымдастырылатын турнирдің биылғы біріншілігін Сербия астанасы Белград қаласы қабылдайтын болады.

Ал осынау беделді жарыстың 2023 жылы Ташкентте өтуі Өзбекстан тарихындағы алғашқы турнир болмақ.


Соңғы жаңалықтар