Боксшылар Тоқаевқа былғары қолғап сыйлады

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Бокстан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Мырзағали Айтжанов Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа бокс қолғабын сыйлады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақорданың Telegram-каналына сілтеме жасап.

Өз кезегінде Мемлекет басшысы да спортшыларды құр қол қайтармады.

ҚР бокс федерациясының басшылығына, спортшылар мен бапкерлерге Қазақстан Республикасы Президентінің Алғыс хаттары мен Құрмет грамоталарын табыс етілді.

Бүгін Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстанда өткен бокстан әлем чемпионатының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін қабылдаған болатын. Қазақстан құрамасы Ташкенттегі додада 4 алтын, 1 күміс медаль жеңіп алды. Спортшыларға Президент құттықтау да жолдаған еді.



Соңғы жаңалықтар