USD 434.84 EUR 498.2
RUB 5.72 CNY 68.47
Jańalyqtar

Боксшы Жанқош Тұраров сот орындаушысына қысым көрсетті – ЖСО палатасы

2021 жылғы 5 қазан 12:18
Бөлісіңіз:
Боксшы Жанқош Тұраров сот орындаушысына қысым көрсетті – ЖСО палатасы

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Республикалық жеке сот орындаушылар палатасы сот орындаушысын ұрған адам боксшы Жанқош Тұраровты шақырғанын мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар

Жеке сот орындаушылар палатасының мәліметінше, сот орындаушысы А.А.Ермековке шабуыл Алматының Бостандық ауданындағы нысанды бұзу кезінде жасалған.

«Нысан иесі М.Н.Ысқақов сот орындаушысын буындырып, ғимаратты бұзуды тоқтатуды талап еткен, кейін қабырғасы мен өкпе тұсынан ұрған. Соққы полиция қызметкерлерінің көзінше болған. Жедел жәрдем дәрігері соққының денсаулыққа орта дәрежеде зиян келтіргенін айтты. Полиция қызметкерлері қашып кетіп, оқиға орнында болмаған»,- деп хабарлады республикалық ЖСО палатасынан.

Сот орындаушысы ұрып-соғу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғау туралы арыз жазып, таяқ жегеннен кейін көшеге жүгіріп шыққан учаскелік полицияға берді.

«Оқиға кезінде сот орындаушысына және басқа адамдарға қысым жасау мақсатында Ысқақов боксшы Тұраров Жанқош Жасұланұлын шақырған. Оқиға орнына келген боксшы сот орындаушысынан М.Н.Ысқақовқа қатысты полицияға түсірген арызын алуды талап еткен. Сондай-ақ, Жанқош Тұраров бұл әрекетті заңсыздық деп санап, осы үшін қорқытқан. Кейін М.Н.Ысқақов пен Ж.Ж. Тұраров А.А.Ермековке қарсы физикалық соққы көрсетіп, қорқыта бастаған. Тікелей қысым көрсетіліп, сот актісінің талаптарын орындаудан бас тартуға мәжбүрлеген», - деп атап өтті палатадан.

Осындай келеңсіз жайт салдарынан сот орындаушысы қызметін орындай алмады.

Бұған дейін сот орындаушысы соққыға жығылғанын жазған болатынбыз.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алма Мұқанова

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT