Боксшы Санжар Тәшкенбай Азия чемпионатының финалына шықты

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Иордания астанасы Амман қаласында бокстан өтіп жатқан Азия чемпионатында Санжар Тәшкенбай финалға шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстандықтардан бірінші болып рингке жастар арасындағы әлем чемпионы Санжар Тәшкенбай шықты.

Санжар 48 келіге дейінгі салмақта үндістандық Говинд Кумар Саханимен жұдырықтасты.

Тартысты өткен жекпе-жекте бірінші раундта бес төрешінің үшеуі Санжар басым деп тапса, екінші кезеңде қазақстандық боксшы таразы басын түгелдей өзіне аударды. Оның үстіне үндістандық спортшы ескерту алып, бір ұпайы шегерілді. Қорытынды есеп – 4:0, Санжардың пайдасында.

Санжар Тәшкенбай соңғы бәсекеде жапониялық боксшымен алтын жүлде үшін таласады.

Бүгін жартылай финалда тағы 11 қазақстандық боксшы ел намысын қорғайды.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Гүлсая Ержанның Азия чемпионатының финалына жолдама алғанын, Азия чемпионатында бүгін ерлерден 12 қазақстандықтың ½ финалда шығатынын жазған болатынбыз.

Сондай-ақ қазақстандық боксшы қыздардың финалдағы қарсыластары анықталды.


Соңғы жаңалықтар