Боксшы Римма Волосенко Олимпиада ойындарына іріктеу турнирінде қарсыласынан ұтылды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгін Амман қаласында (Иордания) бокстан өтіп Олимпиада ойындарына іріктеу турнирінде қазақстандық екінші қызымыз жарысты ерте аяқтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Олимпиадаға іріктеу турнирінде әйелдер арасынан екінші болып рингіге 60 келі салмақта қазақстандық Римма Волосенко шықты. Ол үндістандық Симранджиткаур Баатпен жұдырықтасып, өкінішке қарай қарсыласына жол берді. Осылайша әйелдер боксынан екінші аруымыз жарыс жолын ерте аяқтады.

Ерік Алғабек жаттықтыратын әйелдер командасының екінші боксшысы жолынан шығып қалды. Бұған дейін тағы бір боксшымыздың алғашқы жекпе-жегінде қарсыласына жол бергені туралы жазған болатынбыз.

Ертең, яғни 5 наурызда ерлер арасындағы жекпе-жектер басталады. Ерлер арасынан алғашқы болып Закир Сафиуллин (63 келі) Ирак және Қытай боксшылар арасындағы жекпе-жектің жеңімпазымен жұдырықтасады. Одан кейін Әбілхан Аманқұл (75 келі) кореялық және тәжікстандық спортшылар арасындағы жекпе-жектің жеңімпазымен қолғап түйістіреді. Ал Бекзат Нұрдәулетов (81 келі) Жаңа Зеландия-Жапония боксшылары арасындағы жекпе-жектің жеңімпазымен кездеседі.


Фото/prosports.kz


Соңғы жаңалықтар