Боксшы Махметов Санкт-Петербургтегі турнирдің финалына шықты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Санкт-Петербургте өтіп жатқан «Губернатор кубогы» турнирінде қазақстандық боксшы финалға шықты, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА.

52 килограмға дейінгі салмақта Азат Махметов жартылай финалда өзбекстандық Жасурбек Латиповтан басым түсті. Ертең, 31 мамыр күнгі шешуші айқаста ол қырғызстандық Азат Үсенәлиевпен кездеседі.

Айта кетейік, Ержан Жомарт (49 кг), Әділет Құрметов (60 кг) және Абзал Құттыбековтер (91 келіге дейінгі салмақ дәрежесі) жартылай финалда есе жіберіп, қола медальді қанағат тұтты.

Соңғы жаңалықтар