Боксшы Мадияр Жанұзақтың кезекті қарсыласы белгілі болды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - IBF және B&R титулдарының иегері, аса жеңіл салмақтағы қазақстандық боксшы Мадияр Жанұзақ кезекті жекпе-жегін 8 шілде күні өткізетін болды, дп хабарлайды  «SPORTINFORM» CAA.

Мадияр Жанұзақ үстіміздегі жылдағы кезекті айқасын шілде айында Ресейдің Екатеринбург қаласында өткізеді. Боксшымыз филиппиндік Альфой Дагайлоанмен жұдырықтасатын болады.

26 жастағы Дагойлоан кәсіби бокста 16 жекпе-жек өткізген. Филиппиндік боксшының статистикасына сүйенсек, 9 рет жеңімпаз атанып, 2 рет жеңіліске ұшыраған, 5 рет тең түскен.

Жанұзақтың осы кездесуде жеңген жағдада әлемнің үздік 100 боксшыларының қатарына ене алады.

Еске сала кетейік, осы жылдың ақпан айында Мадияр Жанұзақ басқа филиппиндік Джон Марк Алиманды жеңген болатын. Макаода өткен жекпе-жек нәтижесінде жерлесіміз IBF-тің B&R Region белдігін иемденген.

Соңғы жаңалықтар