Боксшы Ләззат Күнгейбаева әлем чемпионатының күміс жүлдегері болды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Үндістанның Нью-Дели қаласында бокстан әйелдер арасында әлем чемпионаты аяқталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Рингке ең соңғы жұп болып аса ауыр салмақта қазақстандық Ләззат Күнгейбаева мен марокколық Марди Хадиджа шықты.

Ләззат 2016 жылы Астанада өткен әлем біріншілігінде чемпион атанса, қарсыласы да – кейін дүниежүзілік додада күміс пен қола алған тәжірибелі спортшы.

Алғашқы екі раундта төрешілер марокколық боксшы басым деп тапты. Үшінші кезеңде де ештеңе өзгерген жоқ. Есеп – 4:1, жеңіс М.Хадиджаның еншісінде кетті.

Осылайша, Қазақстан құрамасы әлем чемпионатын 2 күміс, 4 қола медальмен қорытындылады.

Бұған дейін Карина Ибрагимова күміс алса, Алуа Балқыбекова, Надежда Рябец, Валентина Хальзова және Фариза Шолтай қола жүлдегер атанды.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын бокстан әлем чемпионатында Ләззат Күнгейбаеваның финалға жолдама алғанын жазған болатынбыз.

Сондай-ақ Карина Ибрагимова бокстан әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды.

Ләззат Күнгейбаеваның алтын үшін рингке шығатыны хабарланды.


Соңғы жаңалықтар