Боксшы Ковалев Паскальмен бәсте ұтқан 50 мың долларды қайырымдылыққа береді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 79,38 келіге дейін салмақ дәрежесінде беделді нұсқалар бойынша әлем чемпионының үш титулын жеңіп алған ресейлік боксшы Сергей Ковалев Жан Паскальмен жұдырықтасуда канадалықпен бәсте ұтқан 50 мың долларды қайырымдылыққа жіберетінін айтты. Бұл туралы ресейлік спортшы TVA Sports арнасына хабарлаған.

2015 жылы Ковалев Паскальмен кездесіп, оны сегізінші раундта техникалық нокаутпен жыққан еді. Жекпе-жектен кейін канадалық спортшы реванш сұрап, ресейліктен сегізінші раундтан ерте жеңілмейтініне 50 мың доллар тігіп отырғанын айтты. Жексенбі күніне қараған жекпе-жектің 7-ші раундында канадалықты техникалық нокаутпен жеңген Ковалев Паскальмен бәсте ұтып алған ақшаны қайырымдылық мақсаттарға жіберетінін мәлімдеген. «Мен бәсте 50 мың доллар ұттым. Бұл ақшаны ресейлік балаларға көмекке жібермекпін», - деді ол.
Фото AFP©

Соңғы жаңалықтар