Боксшы Қамшыбек Қоңқабаев шаршы алаңға шықпай қалды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгін Иорданияның Амман қаласында өтіп жатқан Олимпиадаға іріктеу турнирінің жартылай финалдық бәсекесіне Қамшыбек Қоңқабаев қатысқан жоқ, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Ол ширек финалда алған жарақатына байланысты кездесуге шығудан бас тартты. Осылайша Қоңқабаев кезекті жарысқа шықпаса да, Олимпиадаға іріктеу турнирінің қола жүлдегері болды. Ол ширек финалда қытайлық Маймаийти Аемайитиді айқын басымдылықпен ұтып, жартылай финал мен Олимпиада жолдамасын қанжығасына байлаған болатын.
Осылайша, Ғалымбек Кенжебаев баптайтын боксшылар Олимпиада ойындарына 7 жолдама жеңіп алса, бүгін төрт боксшы финалға шықты. Үш боксшымыз қола медальді қанағат тұтты.
Қола медальдарды ерлер арасынан Абылайхан Жүсіпов (69 келі) және Серік Теміржанов (57) және +91 келі салмақта Қамшыбек Қоңқабаев жеңіп алса, әйелдер боксынан 75 келі салмақта Надежда Рябец ұтып алды.
Ал ертең, яғни олимпиадалық іріктеу турнирінің соңғы күні төрт қазақстандық боксшы алтын медальға таласады. Олар - Зәкір Сафиуллин (63 келі), Василий Левит (91 келі), Әбілхан Аманқұл (75 келі) және 81 келі салмақтағы Бекзат Нұрдәулетов.
- Бокстан әлем чемпионаты: 2 қазақстандық 1/8 финалға шықты
- Қазақстандық теннисшілер Хорватиядағы турнирдің ширек финалына шықты
- Футболдан Қазақстан біріншілігі: «Тараз» үздік үштікке көтерілді
- Грек-рим күресінен Айдос Сұлтанғали Азия чемпионы атанды
-
Ақтөбеде суда жүзуден ел біріншілігі өтіп жатыр
-
Футболдан Қазақстан біріншілігі: «Астана» мен «Қайрат» бірдей ұпай жинады
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам