Боксшы Гүлсая Ержан Азияның күміс жүлдегері атанды

Фото:
АСТАНА. ҚазАқпарат – Иордания астанасы Амман қаласында бокстан өтіп жатқан Азия чемпионатында Гүлсая Ержан күміс жүлдегер атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Гүлсая Ержан 81 келіге дейінгі салмақта финалда аса тәжірибелі үндістандық Савитимен шеберлік байқасты.

Төрешілер алғашқы екі раундта үндістандық боксшы басым деп тапты. Жалпы есеп – 5:0, Савитидің пайдасында.

Осылайша, Қазақстан әйелдер құрамасы Азия чемпионатын 3 алтын, 1 күміс және 5 қола жүлдемен қорытындылады. Бұл – жақсы нәтиже.

Ертең ерлер арасында тоғыз қазақстандық боксшы алтын жүлдені сарапқа салады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Азия чемпионатында Айбек Оралбайдың Қазақстаннан тоғызыншы болып финалға шыққанын жазған едік.

Сондай-ақ ерлерден финалға шыққан тоғыыз қазақстандықтың бесеуі өзбекстандықтармен кездеседі.

Бокстан Азия чемпионатында қазақстандықтардың финалдық жекпе-жектерінің кестесі жарияланды.

Жайна Шекербекова ел қоржынына екінші алтынды салды ал, Карина Ибрагимова финалда олимпиада чемпионын ұтып, үшінші алтынды салды.


Соңғы жаңалықтар