Боксшы Фируза Шәріпова ирландық қарсыласынан жеңіліп қалды

None
None
ЛИВЕРПУЛЬ. ҚазАқпарат - Қазақстандық боксшы Фируза Шәріпова қарсыласынан жеңіліп қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат sports.kz ресурсына сілтеме жасап.

Фируза Шәріпова мен ирландық Кэти Тейлор арасындағы жекпе-жек бүгін Ұлыбританияның Ливерпуль қаласында өткен болатын.

Жеңіл салмақтағы титулдық кездесу он раундтқа шақталған, ал жеңген адам Тейлордың WBC, WBO, WBA, IBF секілді әлем чемпионы титулдарын иеленуге тиіс еді.

Бұл айқас әділқазының бірауыздан шешімі бойынша Тейлордың жеңісімен аяқталды.

Дегенмен Фируза абсолют чемпионға он раунд бойы азулы қарсылық көрсете білді. Тек алтыншы раундта ғана рефери оның бір ұпайын алып қойды.

Осылайша Кэти Тейлор өзінің кәсіби спорт жолындағы жиырмасыншы жеңісіне қол жеткізіп, бүкіл титулдарын, жеңіл салмақтағы абсолют әлем чемпионы атағын қорғап қалды.

Фируза Шәріпова кәсіпқой бокста екінші рет жеңіліс тапты.

Айта кетейік, қазақстандық боксшы 2016 жылдан бері бір де бір мәрте жеңілген жоқ еді.



Соңғы жаңалықтар