Боксшы Данияр Елеусінов «Алтын Жүрек-2016» сыйлығына ұсынылды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Бокстан Рио Олимпиадасының чемпионы Данияр Елеусінов «Алтын жүрек-2016» сыйлығына ұсынылды, деді «Бауыржан» қайырымдылық қорының ресми өкілі Айнұр Сәлімбаева.

«Спортшыны Батыс Қазақстан облысындағы «Бәйтерек» мүгедек балалардың ата-аналар қауымдастығы ұсынып отыр. Оны «Мүгедектерге жәрдем» аталымы бойынша марапаттау сұралып отыр», - деді Айнұр Сәлімбаева.

«Алтын жүрек-2016» сыйлығы иегерлерінің есімі 27-ші қазанда белгілі болады. Айта кетейік, мейірімді жандарды марапаттау шарасы елімізде 9-шы жыл қатарынан ұйымдастырылып келеді. 

Оның ережесі бойынша «Бауыржан» қайырымдылық қоры жыл бойы адамдардан жан жылуын аямайтындарды іздейді.

Жыл сайын аталған сыйлық 11 аталым бойынша беріледі.

Еске сала кетейік, Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов мүгедек балаларға жәрдем ететін  «Бәйтерек» қорынына 10 млн теңге аударған болатын.

Соңғы жаңалықтар