Боксшы Бекзат Нұрдәулетов Токио Олимпиадасына жолдама жеңіп алды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгін Иорданияның Амман қаласында өтіп жатқан бокстан Олимпиадаға іріктеу турнирінде 81 келі салмақта Бекзат Нұрдәулетов Токио Олимпиадасына лицензия ұтып алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Олимпиадалық іріктеу турнирінде 81 келі салмақта ел намысын қорғап жатқан боксшымыз Бекзат Нұрдәулетов ширек финалда тәжікстандық Шаббос Нигматоллаевпен қолғап түйістірді. Нәтижесінде, бокстан Қазақстан командасының мүшесі, 2019 жылғы әлем чемпионы Бекзад Нұрдәулетов қарсыласын жарыс жолынан тайдырып қана қоймай, жартылай финалға шықты. Сонымен қатар, Токио Олимпиадасының жолдамасын иеленді.

Бұл Ғалымбек Кенжебаев баптайтын боксшылардың еншісіндегі Токио Олимпиадасына жеңіп алған екінші жолдамасы.

Айта кетейік, осыған дейін 69 келі салмақта қазақ боксшылары арасынан бірінші болып Абылайхан Жүсіпов Олимпиадаға жолдама алған еді.


Соңғы жаңалықтар