Боксшы Батыр Жүкембаев WBC титулы үшін жекпе-жекке шығады

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Бірінші жартылай орта салмақтағы қазақстандық боксшы Батыр Жүкембаев (19-1, 15 КО) 24 желтоқсанда рингке оралады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

Бұл туралы менеджер Зия Алиев мәлім етті. Жүкембаев Алматыдағы бокс кешіндегі басты оқиға аясында көптен күткен айқасын өткізеді. WBC Asia титулы бәске қойылады. Қазақстандықтың қарсыласы әзірге белгісіз.

Батыр Жүкембаев былтыр желтоқсаннан бері рингке шыққан жоқ. Ол кезде боксшы Монреалда (Канада) 69 секундта мексикалық Хуан Хосе Мартинесті (28-11, 20 КО) нокаутқа түсірген еді.

Фото: sports.kz


Соңғы жаңалықтар