Боксшы Бақтияр Артаев Ұлттық музей қорына жеке заттарын табыстады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бокстан Олимпиада чемпионы Бақтияр Артаев Ұлттық музей қорына жеке заттарын табыстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Мәдениет және спорт министрлігіне сілтеме жасап.

Ұлттық музейде ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті мен Ұлттық музейдің бірлескен «Спорт батырлары» жобасы аясында бокстан Олимпиада чемпионы, Вел Баркер кубогының иегері, Қазақстанның Еңбек сіңірген спорт шебері Бақтияр Артаевпен жүздесу өтті. Іс-шара кезінде боксшы музей қорына жеке заттарын табыстады.


Кездесуге Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Серік Сəпиев, комитетке қарасты Спортты дамыту дирекциясының директоры Əлібек Нұртаев, Ұлттық музей директоры Арыстанбек Мұхамедиұлы, бокстан ұлттық құрамасының бас бапкері Ғалымбек Кенжебаев, Бақтияр Артаевтың жеке бапкері Нұрлан Ақүрпеков, бокстан әлем чемпионы Біржан Жақыпов, Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы Мырзағали Айтжанов, бокстан ұлттық құрама спортшылары, мемлекет және қоғам қайраткерлері, спорт және мәдениет саласының өкілдері қатысты.


Жобаның мақсаты - дене шынықтыру мен спортты насихаттау, жастарды салауатты өмір салтына баулу, Қазақстан тарихындағы ұлы тұлғаларға тиесілі бірегей мәдени құндылықтар мен тарихи заттарды сақтап, оны кейінгі ұрпаққа дәріптеу.


Соңғы жаңалықтар