«Боксшы әже» желіде танымал болды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Боксшы әже» желіде танымал болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Инстаграмдағы  kazakh_video парақшасында бокс қолғабын киген әженің жаттығу залындағы видеосы жарияланды. 

Видеода спортшы әже бірнеше соққы жасап, жаттығудың қолдарына пайдалы екенін айтады.

«Жаттығу қолыма жақсы болды, бұрын орамалымды байлай алмайтын едім...», - дейді әже.

Алайда «боксшы әженің» нақты аты-жөні белгісіз. Тек белгілісі видеоны көрушілердің бірі «Асима апа молодец» деп пікір қалдырады.

Публикация от ВИДЕО WhatsApp 👇 (@kazakh_video) Дек 31, 2017 at 9:30 PST

Соңғы жаңалықтар