Боксшы Айдос Ербосынұлы әлем чемпионы атағы үшін жекпе-жекте жеңіліп қалды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Қазақстандық боксшы Айдос Ермосынұлы (16-0, 11 КО) мен кубалық Давид Моррель (7-0, 6 КО) арасында WBA нұсқасы бойынша супер орта салмақтағы «тұрақты» әлем чемпионы атағы үшін жекпе-жек өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports сайтына сілтеме жасап.

Жеңіліп көрмеген қазақстандық боксшы Айдос Ермосынұлы жас кубалық Давид Моррельге қарсы титулдық жекпе-жекте жеңілгенін мойындауға мәжбүр болды. Ербосынұлы кәсіби рингте бірінші рет нокаутпен жеңілді.

Кубалық спортшы жекпе-жектің алғашқы минуттарынан бастап қазақстандық боксшыға соққы беріп, ұпай жинады.
Давид Моррель кәсіпқой рингте сегізінші рет жеңіске жетіп, өзінің WBA нұсқасы бойынша «тұрақты» әлем чемпионы белбеуін сәтті қорғады.
Еске сала кетейік, кеше қазақстандық боксшы АҚШ-та әлем чемпионы атағы үшін жекпе-жек өткізетіні хабарланған болатын.
Соңғы жаңалықтар