Боксшы Әли Ахмедов келесі жылы көктемде жекпе-жек өткізеді

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Дүниежүзілік бокс кеңесі (WBC) соңғы конрвенциясында екінші орта салмақтағы қазақстандық боксшы Әли Ахмедов (19-1, 14 КО) пен француз боксшысы Кристиан Мбилли (23-0, 20 КО) арасындағы іріктеу жекпе-жегіне рұқсат берді. Бұл туралы ҚазАқпарат Sports.kz порталына сілтеме жасап хабарлайды.

17 желтоқсанда Мбилли төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімімен америкалық Вон Александерді (17-7, 10 КО) жеңген, енді қазақстандық Ахмедовпен келесі жекпе-жегі 2023 жылдың көктемінде өтпек. Бұл туралы BoxingNewsQC Twitter-дегі аккаунтынан хабарланды. «Ол (Мбилли) наурыз айында Әли Ахмедовпен WBC элиминаторында жұдырықтасады. Осылайша, Ахмедов-Мбилли жекпе-жегінің жеңімпазы қазіргі уақытта мексикалық Сауль «Канело» Альварес иеленетін WBC супер орта салмақтағы титулына ресми үміткер атанады», - деп жазылған ресурста.

Еске салсақ, қазақстандық боксшы бұған дейінгі жекпе-жегінде америкалық Габриэль Росадоны (26-16-1, 15 КО) жеңіп, WBC Silver және IBF North American бос титулдарын жеңіп алды. Сондай-ақ ол «GGG-Канело» бокс кешіндегі жекпе-жегін де жеңіспен аяқтаған еді.


Photo: Ed Mulholland/Matchroom Boxing



Соңғы жаңалықтар