Бокс: Жұлдыз Шаяхметова жастар арасында әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Польшаның Кельце қаласында өтіп жатқан жастар арасындағы әлем чемпионатында қазақстандық Жұлдыз Шаяхметова күміс жүлдегер атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ж.Шаяхметова 60 кг салмақта финалда үндістандық Винкамен рингке шықты.

Үнділік боксшының басымдылығымен өткен жекпе-жек барысында Жұлдыз екінші және үшінші раундта нокдаун алып қалды. Ақыры үшінші раундта кездесу мерзімінен бұрын тоқтатылып, жеңіс Винкаға берілді.

Сонымен қатар бүгін Дана Дидай 75 кг салмақта тағы бір үндістандық Санамача Чану Токчоммен алтын жүлде үшін таласады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын үш қазақстандық бойжеткен Жасмин Қиззатова, Әсел Сағатова және Елдана Тәліпова қола жүлдегер атанған болатын.




Соңғы жаңалықтар