Бокс: Жеңіліп көрмеген қазақстандықтар Мәскеуде айқасады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық боксшылар Уәлихан Бисенқұлов (4-0, 4 КО) және Ибрагим Ескендір (2-0, 2 КО) келесі жекпе-жектерінің өтетін уақытын білді, деп хабарлайды Sports.kz.

Отандастарымыз 17 маусымда «Локомотив» бокс академиясында (Мәскеу, Ресей)  шаршы алаңға шығады.

Ауыр салмақ дәрежесінде сынға түсетін Бисенқұлов алты раундтық, ал супер орта салмақ дәрежесіндегі Ескендір төрт раундық кездесу өткізеді. Қарсыластары әлі белгілі болған жоқ.

Бисенқұлов өзінің соңғы жекпе-жегінде Өзбекстаннан келген Сабиджон Хушвоковты техникалық нокаутпен жеңген, ал Ескендір соңғы рет 30 желтоқсан күні Алматыда тәжік боксшысы Расул Самадовты сұлатып салған болатын.

Соңғы жаңалықтар