+7 (701) 759 90 19
USD 424.99 EUR 504.21
RUB 5.81 CNY 65.66
Jańalyqtar

Бокс жанкүйерлері Жәнібек Әлімханұлының басты жекпе-жегін тікелей эфирден көре алады

2021 жылғы 20 маусым 18:52
Бөлісіңіз:
Бокс жанкүйерлері Жәнібек Әлімханұлының басты жекпе-жегін тікелей эфирден көре алады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бокс жанкүйерлері қазақстандық танымал боксшы Жәнібек Әлімханұлының кәсіби рингтегі басты жекпе-жегін тікелей эфирден тамашалай алады.

Ұқсас жаңалықтар
Бокс: Серік Теміржанов Токио Олимпиадасын жеңіспен бастады Бекзат Нұрдәулетовтің кавказдық қарсыластары мықты – Бас бапкер Бокс: Бас бапкер Әбілхан Аманқұлдың жарақаты туралы пікір білдірді

Бұл туралы Қазақстанның кәсіби бокс жаңалықтары Instagram парақшасынан мәлім болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Желідегі ақпаратқа қарағанда, 27 маусым, жексенбі күні қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (9-0, 5КО) өзінің карьерасындағы ең басты кездесуін АҚШ-та өткізеді.

Лас-Вегаста (Невада штаты) Жәнібек WBА нұсқасы бойынша экс әлем чемпионы АҚШ өкілі Роб Брантпен (26-2, 18КО) кездеседі. Кездесудің тікелей трансляциясы Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 08:00-де басталады және «Хабар» телеарнасынан көрсетіледі.

Айта кетейік, Жәнібек өзінің соңғы кездесуін өткен жылдың қазан айында Лас-Вегаста өткізіп, аргентиналық Гонсало Корианы (16-4, 6КО) екінші раундта нокаутқа түсірген болатын.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айдар Оспаналиев

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT