Бокс: WBC-тен әлем чемпионы Фируза Шәріповаға қарсы шыққысы келеді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Бокстан WBC нұсқасы бойынша әлем чемпионы Ева Вальстромның командасы Фируза Шәріповаға қарсы шығуға ниет білдірді. Бұл туралы қазақстандық боксшының баспасөз қызметі жария етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бокстан WBC версиясы бойынша әлем чемпионы Ева Вальстром Фирузаның ұсынысына жауап қатты. Еваның промоутері Петри Паймандердің айтуынша, Вальстром дәрігердің қабылдауынан соң толық шешім қабылдайды.

«Қазір Еваның қабағы жарылған. Біраз жарақаты бар. Нақты шешім 11-сәуірде белгілі болады. Дәрігер қарауынан соң Фирузамен маусымда кездесу мүмкіндігін талқылаймыз. Біз Монакода Фирузамен былғары қолғап түйістіруге ынталымыз», - деді менеджер.

Айта кету керек, Фирузаның командасы Ева Вальстромды 9 маусымда Санкт-Петербургте рингте кездесуге шақырған болатын. Алайда, спортшының командасы жауап бермеді. Оған дейін Ева Вальстром Хельсинкиде өткен кездесуде АҚШ боксшысы Мелисса Сент-Вилизді жеңген еді.

Ұрыс кезінде Ева қабағы жарылып, бірнеше жарақат алды. Спортшы жарақатынан айыққан соң Шәріповамен кездесуге ниетті екенін мәлім етті.

Айт кетерлігі, Фируза Шәріпова WIBA, WBU, WBC Silver бойынша чемпион белдігінің иесі.

Соңғы жаңалықтар