Бокс: Токио олимпиадасына іріктеу бәсекелері қайда өтеді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 2020 жылғы Токио олимпиадасына бокстан іріктеу бәсекелері өткізілетін мемлекеттер анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

2020 жылдың ақпан және мамыр аралығында құрлықтық және әлемдік іріктеу турнирлері өткізіледі. Онда алдағы Олимпиадада боксқа жолдама үлестіріледі.

Құрлықтық іріктеу турнирлері алдымен Азия, Африка, Еуроа және Америка құрлығында болады. Бұл бәсекеде Олимпиадаға жолдамадан құр қалған боксшылар әлемдік іріктеу кезеңіне қатысады.

Азия мен мұхит аймағы елдері 2020 жылдың 3-14 ақпан аралығында Қытайдың Ухань қаласында шаршы алаңға шығады. Ал Еуропа елдерінің былғары қолғап шеберлері сол жылдың 13-23 наурызда Ұлыбритания астанасы - Лондон қаласында кездеседі. Ал Оңтүстік және Солтүстік Америка елдерінің боксшылары 26 наурыз-3 сәуірде Аргентина астанасы - Буэнос-Айрес қаласында жолдамаларды сарапқа салады. Әлемдік іріктеу жарысы 13-24 мамыр күндері Франция астанасы - Париж қаласында өткізіледі.

Бұдан бұрын бокстан әлем чемпионатының жарыс кестесі жарияланды . Әлем чемпионаты 9-17 қыркүйек аралығында Ресейдің Екатеринбург қаласында өткізілді.




Соңғы жаңалықтар