Бокс: Спартакиада финалында бақ сынайтын қыздар белгілі болды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Шымкент қаласында бокстан қыздар арасындағы Қазақстан спартакиадасының финалына жолдама алған былғары қолғап шеберлері белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Биыл бесінші мәрте жалауын көтерген спартакиада Әлия Юсупова атындағы спорт кешенінде өткізіліп жатыр. Оған еліміздің барлық өңірінен боксшылар келді.

Жартылай финалда бақ сынаған спортшылар қатарында Нұр-Сұлтан қаласының боксшыларының қатары басым болды. Елордадан 6 спортшы жарыстың аталмыш сатысына шаршы алаңда шеберлік байқасса, Жамбыл облысынан - 5, Алматы қаласы, Алматы және Ақмола облыстарынан - 4 боксшыдан бәсеке көрігін қыздырды.

Спартакиаданың финалында 48 келіде Алуа Балқыбекова (Жамбыл облысы) мен Әнел Құдайберген (Алматы облысы), 51 келіде Назым Қызайбай (Алматы қаласы) мен Жайна Шекербекова (Шымкент қаласы), 54 келіде Дина Жоламан (Ақмола облысы) және Аида Тұяқбай (Шымкент қаласы), 57 келіде Сәния Сұлтанқызы (Нұр-Сұлтан қаласы) және Айжан Қожабекова (Қарағанды облысы), 60 келіде Карина Ибрагимова (Ақмола облысы) мен Римма Волосенко (Нұр-Сұлтан қаласы) бақ сынайды. Ал 64 келіде Милана Сафронова (Қарағанды облысы) және Мәдина Нұршаева (Шымкент қаласы), 69 келіде Дариға Шәкімова (Алматы қаласы) мен Баян Ақбаева (Ақмола облысы), 75 келіде Ақерке Бақытжан (Қызылорда облысы) мен Гузаль Садықова (Алматы облысы), 81 келіде Фариза Шолтай (Шымкент қаласы) және Мөлдір Базарбаева (Ақмола облысы), 81 келіден жоғары салмақта Ләззат Күнгейбаева (Нұр-Сұлтан қаласы) мен Дина Исламбекова (Түркістан облысы) алтын медальді сарапқа салады.

Спартакиада финалы 18 мамыр күні елорда уақытымен 12.00-де басталады. Қазақстан бокс федерациясы сайтынан тікелей көрсетілім жасалады.

Соңғы жаңалықтар