Бокс: Шүменов пен Лебедевтің айқасы өтуі мүмкін

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бір жылдан бері рингке шықпаған ауыр салмақтағы ресейлік Денис Лебедев Ресейдің бұқаралық ақпарат құралдарының біріне берген сұхбатында Бейбіт Шүменовті алдағы жекпе-жектердегі ықтимал қарсыластарының бірі деп атады, деп хабарлайды Sports.kz.

Қазақстандық және ресейлік боксшының рингтегі алдағы өтуі мүмкін кездесуіне қатысты бокстан Қазақстан жасөспірімдер құрамасының аға бапкері Ғалым Кенжебаев пікір білдірді. Бұған дейін ол Геннадий Головкинді әуесқой бокста жаттықтырған болатын.

«Екі боксшының да жасы ұлғайған. Шынымды айтар болсам, Лебедевті көрмегеніме көп болды. Екеуінің жұдырықтасу тәсілдері әртүрлі, сондықтан айқас қызықты өтуі мүмкін», - деді маман.

Соңғы жаңалықтар