Бокс: Сәкен Бибосынов - әлем чемпионы
2021 жылғы 6 қараша 23:19

Бокс: Сәкен Бибосынов - әлем чемпионы

БЕЛГРАД. ҚазАқпарат - Сербия астанасы Белград қаласында өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатында Сәкен Бибосынов әлем чемпионы атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Сәкен Бибосынов (51 келі) финалда АҚШ-тан келген Роско Хиллмен қолғап түйістірді.

Алғашқы екі раундта төрешілер Сәкеннің басымдығын мойындап, оның жеңгеніне қолдау білдірді. Жалпы нәтижеде Сәкен қарсыласын жеңіп, әлем чемпионы атағына қол жеткізді.

Сәкен бұдан бұрын 2019 жылы әлем чемпионатында қола жүлдегер атанған еді.

Еске салсақ, бұдан бұрын ел құрамасынан Теміртас Жүсіпов (48 келі) алтын алса, Махмуд Сабырхан (54 келі) күміс жүлдегер атанды.

Ал ел құрамасынан жартылай финалда Абылайхан Жүсіпов (67 келі) жапон Севонрец Окадзаваға есе жіберді.

Еске салсақ, Нұрбек Оралбай (80 келі), Санатали Төлтаев (63,5 келі) Асланбек Шымбергенов (71 келі), Саматәли Төлтаев (60 келі) пен Нұрқанат Райыс (75 келі) ширек финалда сүрінді.

Ал ширек финалға дейін Бек Нұрмағамбет (86 келі), Айбек Оралбай (92 келі) пен Нұрлан Сапарбай (92 келіден жоғары) қарсыластарына жол берді.


Jańalyqtar

MURAǴAT