БОКС: Руслан Мәдиев қарсыласынан 100 грамм жеңіл болып шықты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық боксшы Руслан Мәдиев АҚШ-ғы жекпе-жегінің қарсаңыңда өлшеу процедурасынан өтті, деп хабарланды GGG тобының ВКонтакте әлеуметтік желісіндегі парақшасында.

Руслан Мәдиев шаршы алаңға кубалық Майкл Перес пен американдық Дарнелл Уилсонның арасындағы жекпе-жектің алдында шығады. Ол 5 ақпан күні Калифорнияда өтеді. Жеңіл салмақтағы төрт раундтық айқаста қазақстандық спортшының қарсыласы Америка боксшысы Карлос Санчес болмақ.

22 жастағы Руслан Мәдиевтің салмағы 62,1 келі, ал оның қарсыласы 100 грамға ауыр болып шықты.

Руслан Мәдиев үшін бұл кәсіби рингтегі үшінші, АҚШ-ғы екінші жекпе-жек. Бұған дейінгі екі кездесуде қазақстандық боксшы жеңіске жеткен болатын. Карлос Санчестің үлесінде де екі жекпе-жек бар, екеуінде де ол жеңіліп қалған.

Соңғы жаңалықтар