Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 384.05 EUR 432.79
RUB 5.96 CNY 55.46
Jańalyqtar

Бокс Олимпиада бағдарламасында қалуы мүмкін

2019 жылғы 23 мамыр 02:09 957
Бөлісіңіз:
Бокс Олимпиада бағдарламасында қалуы мүмкін

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін Халықаралық олимпиада комитетінде атқару комитетінің отырысы болып өтті. Онда әуесқой боксты Олимпиада бағдарламасында қалдыру жөнінде ұсыныс жасалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Қарағандылық боксшы Абылайхан Жүсіпов халықаралық турнирде алтын иеленді Головкин-Роллс андеркарты: Қазақстандық «нокаут королі» жеңіліске ұшырады

«ХОК және Халықаралық бокс ассоциациясы арасында қаржылық және ұйымдастырушылық жөнінде келіспеушілік туындаған болатын. Соған орай 2018 жылдың 30 қарашасында ХОК жанынан тергеу комитеті жан-жақты сараптама жасады. Сараптама нәтижесімен әуесқой боксты 2020 жылғы Токио Олимпиадасы бағдарламасында қалдыру жөнінде ұсыныс жасалды. Бокстан олимпиадалық турнир ХОК нұсқауларына сәйкес жүргізіледі. Жоғарыда аталған шешімдер 2019 жылдың маусым айында ХОК сессиясында бекітілуі тиіс. Соған сәйкес 2020 жылы Токио Олимпиадасында бокстан бақ сынайтын спортшылардың жалпы квотасы 286 адамды құрайды. Халықаралық бокс ассоциациясының толық мәртебесін тану 2020 жылғы Токио олимпиадасынан кейін қаралады», - деп жазды Халықаралық олимпиада комитетінің ресми сайты.

Естеріңізге сала кетелік, Олимпиада ойындары 2020 жылдың 24 шілдесі мен 9 тамызы аралығында Жапония астанасы - Токио қаласында өткізіледі. 

 

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Спорт, Олимпиада,
Бөлісіңіз:

Автор:

Әділжан Үмбет

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
MURAǴAT