Бокс: Нью-Йоркта тұратын Димаш Ниязовтың қарсыласы анықталды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Нью-Йоркта тұратын этникалық қазақ Димаш Ниязовтың келесі жекпе-жегіндегі қарсыласы анықталды.

Жеңіл салмақта жұдырықтасатын Димаштың  (10-0-3, 4КО) кездесуі 16 маусымға жоспарланған. Қарсыласы Доминикандық боксшы Рамон Гевара (10-24-2, 6КО).

Кездесу атақты Детройтта өтеді және алты раундтан тұрады, деп хабарлайды dodasport.kz .

Айта кету керек, осы бокс кешінде қазақстандық боксшы  Бахтияр Эюбов те (12-0, 10КО) шаршы алаңға шығады. Қарсыласы әлі белгісіз.

null 

Соңғы жаңалықтар