Бокс: Мигель Котто әлем чемпионы титулынан айырылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүкіләлемдік бокс кеңесі (WBC) 35 жастағы пуэрторикандық Мигель Коттоны орта салмақтағы чемпиондық атақтан айыру шешімін шығарды, деп хабарлайды Allboxing.ru.

Кеңес Котто мен Канелодан санкция үшін 600 мың доллар (әрқайсысынан 300 мың доллар) талап етті. Бұдан басқа, Golden Boy мен Roc Nation-нан 25 мың доллардан төлеу талап етілді. Котто мұны тым көлемді сома деп есептеді, себебі Roc Nation промоутерлік фирмасы 33 жастағы қазақстандық Геннадий Головкиннің командасына Коттоға 21 қарашада Сауль «Канело» Альвареспен кездесу мүмкіндігін беру үшін 800 мың АҚШ доллары көлеміндегі соманы төлеген.

«WBC шешімі Мигель Котто мен оның командасының WBC ережелерін сақтағысы келмейтініне негізделіп отыр. Атап өтсек, бұл жекпе-жекті санкциялауға қатысты ережелер. Қарапайым тілмен айтқанда, олар Коттоға чемпион болуға мүмкіндік берген ережелерді құрметтегісі келмейді. WBC Коттоға жақсылық тілейді. Біз жағдайдың осылай болғанына өкініш білдіреміз», - деді WBC президенті Маурисио Сүлейман.

WBC-тің Мигель Коттоға қатысты әрекеттері Альвареске еш әсер етпейтінін атап өту керек. Егер мексикандық боксшы жекпе-жекте жеңетін болса, ол белдіктің иегері атанады. Ал жекпе-жекте Котто жеңетін болса, белдік бос қалып, кеңес бұл белдікті оның міндетті үміткері болып табылатын, қазіргі кезде WBC-тің уақытша белдігіне ие Геннадий Головкинге беру шешімін қабылдауы әбден мүмкін.

Соңғы жаңалықтар