Бокс: Қазақстандық екі ару Мажарстан турнирінің 1/2 финалына шықты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Мажарстанның Дебрецен қаласында өтіп жатқан бокстан Иштван Бошкай мемориалында бұрымды боксшылар арасында қазақстандық екі ару жартылай финалға шықты , деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР Ұлттық Олимпиадалық комитетінен мәлім еткендей, бүгін жартылай финалға жолдама алған боксшы қыздар анықталды. Олардың қатарында қазақстандық Марина Вольнова мен Римма Волосенко да бар.

Енді, қос боксшы бүгін, 6 ақпан күні түнде жартылай финалда шаршы алаңға шығады.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін аталған турнирде ерлер арасында қазақстандық боксшылардан жартылай финалға кімдердің шыққанын жазған болатынбыз.



Соңғы жаңалықтар