Бокс: Қазақстандық әлем чемпионы ел тарихында рекорд жасауы мүмкін

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 20 жастағы қазақстандық спортшы Садриддин Ахмедов (6-0, 6 КО) ел үшін бокстағы тарихи жетістігіне бір қадам жерде, деп хабарлайды Sports.kz.

Боксшының промоутерлері - Eye of the Tiger Management компаниясының берген мәліметінше, Ахмедов 21 жасқа дейін WBC нұсқасы бойынша «жастар» титулы үшін күресу құқығын алған алғашқы қазақстандық боксшы болды. Садриддин келесі жекпе-жегін 26 қаңтар күні Канаданың Монреаль қаласында өткізеді. Оның қарсыласы кім болатыны әзірге белгісіз.

Ахмедовтің соңғы жекпе-жегі 14 желтоқсан күні Эдмонтонда (Канада) өткен. Онда қазақстандық боксшы қарсыласы мексикалық Элиуд Мелендес Рочуды (14-11-2, 7 КО) бірінші раундта-ақ нокаутқа жіберді. Ахмедов кәсіби бокста өткізген алты жекпе-жектің алтауында да қарсыластарын сұлатып салған.

Еске сала кетейік, ол - жастар арасындағы әлем чемпионы.  

Соңғы жаңалықтар