Бокс: Қазақ арулары Сербиядағы халықаралық турнирде бақ сынап жатыр

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Сербияның Сомбор қаласында өтіп жатқан «Ұлттар кубогы» дәстүрлі халықаралық турнирінде Қазақстан арулары алғашқы айқастарын жеңіспен бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аталған додада бірінші болып шаршы алаңға шыққан әлем чемпиондары Дина Жоламан, Ләззат Күнгейбаева және Азия ойындарының финалисі Жайна Шекербекова алғашқы қарсыластарын ұтып, келесі айналымға өтті.

54 келі салмақта Дина Жоламан отандасымыз Гүлмира Байманованы 5:0 есебімен айқын ұтса, 51 келіде Жайна Шекербекова грекиялық Коцугерпопулудан 3:2 есебімен басым түсті. Ал Ләззат Күнгейбаева өзінің ұлттық құрамадағы командаласы Үміт Садықованы 4:1 есебімен жеңді.

Фото www.kfb.kz

Соңғы жаңалықтар