Бокс федерациясы жылдың үздік спортшыларын марапаттады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан бокс федерациясы 2018 жылдың үздік боксшыларын  марапаттады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазақстан ҰОК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Еліміздің бес дүркін чемпионы әрі Президент кубогының жеңімпазы Теміртас Жүсіпов 2018 жылдың үздік боксшысы атанды.

Үздік жас боксшы атағы ағайынды Айбек және Нұрбек Оралбайларға бұйырды. Айбек Жасөспірімдер Олимпиадасында жеңімпаз атанса, Нұрбек жастар арасындағы әлем чемпионы болды.
null 

Қыздар арасында еліміздің үздік спортшылары атағын жасөспірімдер Олимпиадасының қола жүлдегері Надежда Рябец пен Азия және әлем чемпионы Дина Исламбек иеленді.
null 

Үздік бапкер атағы жастар құрамасының аға бапкері Ғалымбек Кенжебаев пен ағайынды Оралбайлардың жеке бапкері Асқар Еркебаевқа берілді.
null 

Жылдың үздік аймақтық федерациясы атағын Астана қалалық бокс федерациясы иеленді.

Сондай-ақ, Қазақстан боксының дамуына үлес қосқан ардагерлер мен төрешілер алғыс хаттармен марапатталды.

null null null null null 

Соңғы жаңалықтар